Арыс қаласындағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты (Видео)

974

Шымкент горнизонының әскери соты, Арыстағы әскери қоймада болған жарылысқа қатысты үкім шығарды. Айыпталушылар 16 адам, олардың арасында әскери қойманың командирі мен орынбасары бар.

Сотталушыларға «жарылыс қаупі бар нысандарда қауіпсіздік ережелерін бұзу» және «немқұрайлылық» баптары бойынша айып тағылды. 12 сотталушыға 4 жылдан 10 жылға дейін жаза кесілді, қалған төртеуі 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге шартты түрде сотталды. Темір торға тоғытылғандардың бірі үкіммен келіспеді. Қалғандары пікір білдіруден бас тартқан. Ал жәбірленушілер өздеріне өтемақы төленбегенін айтып, наразылық білдірді. Бұған дейінгі жабық сот отырысында 1 мың 500 адам жәбірленуші деп танылған. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 24 маусымда әскери қойма жарылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған.

astanatv.kz