Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) жеңгеннен кейін өзінің болашақ қарсыластарын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. «Келесі кім?» — деп сұрады Әлімханұлы Twitter-де өзінің екі чемпиондық белдігін көрсетіп. Ертерек Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет орта салмақтағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған.

Нжикамға қарсы айқаста қазақстандық WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап шықты. Ол үшінші раундта французды нокдаунға жіберіп, сегізінші раунда жекпе-жекті уақытынан ерте аяқтады. Бұл 28 жастағы боксшының қатарынан бесінші нокауты. Әлімханұлы нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін өзінің жанкүйерлеріне арнап видео жазды.

nege.kz