Бұл елде шынымен кім главный – Елбасы ма, Тоқаев па?

1067
Тоқаевың өтірік президент деп күңкілдейтіндер – қателеседі.
Соңғы кездері тағы да ел билігіндегі екіұдайылық туралы әңгімелер шыға бастады. Мемлекетті нақты кім басқаратынын түсінбегеннен биліктің түрлі тармақтары не істерін білмей, бірлесе жұмыс істей алмай отыр, деп ойланады орыстілді қазақстандық сарапшы Ербол Еділов.
Осы бір сарапшының ойы айналып келгенде мынадай болып шықты:
– Жақсылап қарасаңыз, биліктің Тұңғыш президенттен екінші президентке ауысуы тыныш, проблемасыз өтті. Элита бұған саботаж жасаған жоқ. «Елбасы әлі де бар билікті уысынан шығармай отырып алды, Тоқаевың өтірік президент» деп күңкілдейтіндер – қателеседі.
Фактілер келтірейін. Елбасы кеше Тұңғыш президент қорының директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл жай, қатардағы кездесу болғанымен, екеуінің әңгімесіндегі кей детальдарға назар аударуға болады. Қорға қатысты жұмыс мәселелерін ысыра тұрсақ, Нұрсұлтан Әбішұлының Әсет Орынтайұлынан бұрын біздің бәрімізге қарата айтқан мына сөздеріне қараңыз: «Менің президенттік өкілеттігімді тапсырғанымнан бері бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, елдің Үкіметі мен Парламенті үйлесімді, бір ырғақпен жұмыс істеуде».
Шынымен де, ел билігі үйлесімді, бір ырғақпен жұмыс істеуде, – деген қорытынды жасайды сарапшы.

Дереккөз:kaz.zakon.kz