Елбасы Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті

979
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда белгілі актер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге, сондай-ақ әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.
«Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі», — деді Елбасы.
Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.