Тайсон Фьюри Деонтей Уайлдерді жеңді

947
Ұлыбританиялық Тайсон Фьюри америкалық Деонтей Уайлдерді жеңіп, суперауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті. Титулы болмасада Фьюри шаршы алаңға бірінші шықты.
Ұлыбританиялық боксшы қарсыласын үшінші және бесінші раундта нокдаунға түсірді.
Жетінші раундта кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша ұлыбританиялық 31 жастағы боксшы жеңіске жетті.
Қос боксшы 2018 жылы желтоқсанда жұдырықтасқан еді, ол кезде кездесу тең аяқталған болатын.