Ресей сарапшысы Кеңес Одағынан «айырылып қалғандарына» Ельцинді айыптады

910

Еске сала кетсек, 1 ақпанда Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің туған күні. Ол тірі болса, бүгін 90 жасқа толар еді…

Көптеген саясаткер Борис Ельцинді мемлекет басшысы ретіндегі шешімдері үшін емес, КСРО-ның күйреуіндегі рөлі үшін сынға алуда, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мысалы, Саяси зерттеулер институтының директоры Сергей Марков «Политроссиямен» сөйлескен кезде, егер Ельцин болмаса, Ресей Қытайдан күшті болуы мүмкін еді деп мәлімдеді.

«Кеңес Одағы ыдырамас еді. Борис Ельцин елге опасыздық жасады және КСРО-ның ыдырауын қолдады. Бұл экономикалық байланыстардың бұзылуына, кедейлікке әкелді», — деді саясаттанушы.

Сергей Марков егер Борис Ельцин болмаса, Кеңес Одағы Қытай жолымен жүруі мүмкін еді деп өкініп отыр. Айтуынша, Тәжікстанда, Таулы Қарабақта және Приднестровьеде болған қақтығыстарда адамдар өлмес еді. Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Армения үлкен елдің бір бөлігі болып қала берер еді. Олар қазіргі Татарстан сияқты болар еді. Украинада да хунта болмас еді… еді… еді… Тіпті қазір «Балтық жағалауы елдері мен Грузия сынды ұлтшылдықтың жоғары деңгейі болған елдер ғана КСРО-дан кетіп, өзара қырқысып жүр» екен.

Сонымен бірге, Сергей Марков 1991 жылы КСРО сақталған жағдайда, кейінгі кедейлік көрсеткіші артпай, мемлекеттік институттар сақталып, 1990 жылдары қылмыс өршіп, жүздеген мың адам қырылмас еді дегенді қосып қойды.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің туған күні. Ол тірі болса, бүгін 90 жасқа толар еді.