ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ, АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ ДЕП БІЛУ ҚАЖЕТ

772
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы әрбір азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Шардара ауданы бойынша МКБ
Салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің
жетекші маманы: Б.Найманбаев