Шымкенттің орталық мешітінде мектеп түлектерімен тағылымды кездесу өтті

1373
Шымкентің орталық «Ақмешіт» мешітінде дін өкілдері мектеп түлектерімен тағылымды кездесу өткізді.  «Жолың болсын, жас түлек» атты шарада қоғам қайраткері Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Шалатай Мырзахметов өзінің өмірдегі, қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 Басқосуда қоғам қайраткері өмірінің үлгілі сәттерін еске алып, ақыл-кеңес берді. Жастардың мамандық таңдауға және өмірге деген көзқарастарының байсалды және нақты болуын атап өтті. Іс-шараға қатысқан жас түлектерге сәттілік тілеп, «Жүз жаңа оқулық» жобасымен басылған әдеби-ғылыми кітаптар сыйлады.
Кездесуде сондай-ақ, орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммеджан Естеміров демалыс айларында үш айлық тегін дәрістер ұйымдастырылатынын жеткізді. Шара соңында қасиетті рамазан айында мешіт қызметкерлері 200 көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты.