Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы белгілі болды

820

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) әлем чемпионы белдігіне Қазақстан өкілі Жәнібек Әлімханұлы иелік ететін орта салмақтағы рейтингіні жаңартты. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Ұлыбританиялық боксшы кіші Крис Юбэнк рейтингілік кестеде көш басындағы орнынан айырылып қалды. Оның орнын отандасы Хамза Шираз басты. Осылайша, Хамза Жәнібектің бұл салмақтағы чемпиондық айқасқа шығатын міндетті қарсыласы атанып отыр.

Айта кетейік, бұл кестеде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов үшінші орында тұр.

Еске сала кетсек, осы айда ұлыбританиялық боксшы Лиам Уильямсты нокаутқа түсіріп, содан кейін промоутері Фрэнк Уорренмен бірге Qazaq Style командасымен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді.