Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес – жалғасады

1183
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін тағдыр шешті бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сапалы жаңа негізде жүргізуге мүмкіндік беретін заңды және ұйымдастыру шаралар кешені іске асырылған. Қазақстан кеңес дәуірінің елдері арасында бірінші болып, 1998 жылғы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы салалық бағдарламаға неғұрлым пәрменді құқықтық тетіктер мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Осы құжаттың негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен профилактикасы бойынша жұмысқа қоғамның өзін тарту болып табылады. Халықтың мемлекеттік органдардың қызметі туралы хабардар болуының жоғары деңгейіне қол жеткізу, сондай-ақ кері байланыстың тұрақты және пәрменді арналарын қалыптастыру басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігі сөзсіз. Мемлекеттің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында осы салада неғұрлым жоғары жетістіктерге қол жеткізген елдердің тәжірибесі басшылыққа алынған.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын іс жүзінде бағалай отырып, бұдан әрі де осы қауіпті көрініске қарсы ымырасыз және жан-жақты нақтылы күрес жүргізу қажеттігін атап көрсетті.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жалғасады.
Шардара ауданы бойынша МКБ
Салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің
жетекші маманы: Нұрханова А.К.