Спорт — салауаттылық негізі

968
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, «Қоғамдық келісім» мекемесі «ONTUSTIK» телеарнасымен біріккен «Бірлігі бекем ел» телебағдарламасы аясында кезекті түсірілім жасалды.
«Спорт — салауаттылық негізі» айдарындағы түсірілімнің кейіпкерлері — каратэмен айналысатын оқушы балалар.
«Ептілікке, ширақтыққа, шапшаң қимылға, әрі жылдам техниканы меңгеруге, өзін-өзі қорғауға баулитын спорттың бұл түрі балалардың салауатты өмірге бейімделуінің бірден-бір негізі»- дейді спортшы балалардың бапкері Мұрат Балтабаев.
Спорттың бұл түрімен 5-6 жылдан бері үзбей қатысып жүрген спортшы балалар Аязхан Ануарбек, Нұртілеу Исаев, Алина Сайдирасуловалар болашақта еліміздің намысын қорғайтын чемпион болғысы келетінін де жасырмады және барлық балаларды спортпен шұғылдануға шақырып, өз ойларымен бөлісті.