Месси 2022 жылдың үздік ойыншысы атанды

1420

Халықаралық тарих және статистика федерациясы (IFFHS) әлеуметтік желіде 2022 жылдың үздік футболшысы атағына дауыс беру нәтижеcін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

275 ұпай жинаған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси жеңімпаз атанды. Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе 35 ұпаймен екінші болса, Карим Бензема үшінші орынға тұрақтады.

Былтыр Месси Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионы атанды, ал оның ПСЖ-дағы әріптесі Мбаппе күміс жүлде алды. Бензема «Реал Мадрид» сапында Чемпиондар лигасы мен «Алтын доп» жеңіп алды.