Нұрсұлтан Жаңабаев WBC Asia белбеуін жеңіп алды

959
Мәскеудегі кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев өз жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол филиппиндік Арней Тинампаймен жұдырықтасты. Боксшылар бірінші орта салмақта WBC Asia белбеуін сарапқа салды. Жекпе-жек 10 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Естеріңізге салсақ, осы кеште Айдос Ербосынұлы бельгиялық Ильяс Ачергиді техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Global титулын иеленген болатын.