Шымкентте Денсаулық сақтау саласындағы жан басына қаржыландыру жүйесі оң нәтиже беруде. Соңғы 4 жылда 214 мың адамға қызмет көрсететін 10 жеке емхана ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 20%-ға азайды.
Қалада жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетілуде.
Жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылды. Бүгінгі таңда бұл орталық қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысын анықтап, алдын ала емдеу мүмкіндігіне ие.
Шымкентте жүрекке 402, бүйрекке 12, бауырға 5 операция жасалды.
Биыл №2 ауруханада бауыр циррозы бойынша бірегей ота жасалып, 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде.
Осы және өзге де мәліметтерді шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалалық мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында баяндады.
Жиын барысында Мұрат Дүйсенбекұлы 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана және жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиника мен 6 медициналық орталық ашылатынын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі