САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ МЕН АИТВ/ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1188

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығы» -ның ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі студенттеріне «Салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өтіп, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге: «ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» маманы Назира Жургенбаева қатысты.

Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында иммундық тапшылық вирусы (АИТВ) және жұқтырылған иммундық тапшылық синдромын (ЖИТС) алдын алу.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.