Боксшы Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

607

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке қатысты іс «Бұзақылық» бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ішкі істер министрлігі 18 маусымда Астанадағы «Мега» сауда орталығындағы дәмханада қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады»,- делінген хабарламада.

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.