Ең көбі 510 миллион: Президентікке үміткерлердің шотында қанша ақша бар

1508
Орталық сайлау комиссиясы 17 мамырдағы деректер бойынша президенттікке кандидаттардың сайлау қорына келіп түскен қаржы мен шығындары туралы есепті жариялады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қоры ең көп қаржыны жинады. Кандидаттың жеке қаржысы мен «Нұр Отан» партиясы тарапынан бөлінген қаржы 510 млн теңгені құрады. Сондай-ақ оның шотына азаматтар мен ұйымдардың еріктерімен көмек көрсетуі арқылы 514 млн теңге жиналды.
Шығындар 185,6 млн теңгені құрады. Атап айтқанда, қаржы үгіт-наисхат материалдарын шығаруға және таратуға, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру бойынша заңды және жеке тұлғалардың көрсеткен қызметіне ақы, кандидаттың сенімді өкілдерінің жол шығындарын жабу, сайлаушылармен кездесу үшін ғимараттарды жалға алуға жұмсалған.
Жамбыл Ахметбековтің сайлау қорына 338 млн теңге жиналды. Оның ішінде кандидат пен Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы қаржысы — 250 млн теңге, қайырымдылықтан жиналған қаржы — 88 млн теңгені құрады. БАҚ-қа материалдар жариялау, сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын өндіру және тарату, сайлаушылармен кездесулер үшін ғимараттарды жалға беру шығындары 290 млн теңгені құрады.
Дания Еспаеваның сайлау қорына 113 миллион теңге жиналды. Бұл қаражаттардың бәрі ерікті қайырымдылық жасағандардан келіп түскен. Кандидаттан және «Ақ жол» партиясынан ешқандай ақша түспеді. Шығыстар 109,5 млн теңгені құрады. Бұл қаражат үгіт-насихат материалдарын шығаруға және таратуға, баспа иллюстрациялық материалдарды және сайлау науқаны үшін арнайы жасалған таңбалардан өзге де белгілерін жасауға жұмсалды.
Төлеутай Рахымбековтың сайлау қорына 108 миллион теңге жиналды. Бұл қаражат кандидат пен «Ауыл» партиясының ақшасы болып табылады.
Шығыстар — 77,5 млн теңгені құрады. Қаражат баспа, аудиовизуалды және басқа үгіт материалдарын өндіруге және таратуға, науқан жұмыстарын ұйымдастыруға және көлік шығындарын жабуға арналған қызметтерге ақы төлеуге жұмсалды.
Амангелді Таспиховтың сайлау қоры 102 миллион теңге жинады. Бұл қаражаттардың бәрі ерікті қайырмалдықтан келіп түсті. Кандидаттан және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясынан ешқандай ақша келіп түспеді. Шығыстар — 75,2 млн теңге. Бұл қаржы баспа және басқа да үгіт-насихат материалдарын шығаруға және таратуға жұмсалды.
Әміржан Қосановтың сайлау қорына 76,6 млн теңге жиналды. Олардың ішінен кандидат пен «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысының қаржысы 76 млн теңгені құрады. Ерікті қайырымдылықтан 643 мың теңге келіп түсті. Шығыстар — 53 млн теңге. Қаржы үгіт-насихат материалдарын шығаруға және таратуға, БАҚ-қа, үгіт-наисхат жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері ақысын төлеуге жұмсалды.
Сәдібек Түгелдің сайлау қорына 76,1 млн теңге жиналды. Олардың ішінде үміткер мен «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің қаржысы 200 мың теңгені құраса, ерікті қайырымдылық көмектен 75,9 млн теңге келіп түсті.
Шығыстар — 76 млн теңге. Қаражат баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт-насихат материалдарын шығаруға және таратуға, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қызметтерге ақы төлеуге, жол шығындарын жабуға, сайлаушылармен кездесуге ғимараттарды жалға алуға жұмсалды.
Осыған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Амангелді Таспихов, Дания Еспаева, Төлеутай Рахымбеков, Жамбыл Ахметбеков және Әміржан Қосановты тіркегененін хабарлады.
11 мамырда басталған кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары 7 маусымға дейін жалғасады. Сайлау 9 маусымда өтеді. Алдын ала нәтижелер 10-11 маусымда жарияланады. Таңдалған президент 16 маусымнан кешіктірілмей тіркеледі.