Шымкентте аспалы арқанжол салынады

66

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың «Universal Ropeways» ЖШС басшылығымен кездесуінде мегаполисте аспалы арқанжол салу тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында арқанжол желісінің алдын ала бағыттары, ықтимал технологиялық шешімдері, жобалау мен құрылыс кезеңдері талқыланды. Әуе көлігі арқылы Республика, Тәуке хан, Қонаев, Бәйдібек би, Абылай хан даңғылдарын, Цитадель аумағы мен «Тұран», «Шымкент сити» шағын аудандарын кезең-кезеңімен жалғау жоспарланып отыр.

«Аспалы арқанжол іске қосылса, халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, тығыз құрылыс салынған, көлік қозғалысы көп аумақтарда жол-көлік жүйесіне түсетін жүктеме азаяды. Сонымен қатар бұл нысан туристер үшін тартымды орынға айналуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада.

Қала әкімі жобаны қолдап, ашық әрі сындарлы пікір алмасуға дайын болған инвесторларға толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетері, жобаның жүзеге асуы қаланың дамуына серпін беріп, заманауи шешімдердің енгізілуіне жол ашады. Сондай-ақ бұл бастама құрылыс кезінде