«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

1129

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Еңбекші ауданы бөлімінің қолдауымен және Шымкент қаласы білім басқармасы «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» ұйымдастыруымен «Ұстазым менің, ұстазым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді. Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға мың алғыс!

Ісшарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.