«САНАЛЫ ҰРПАҚ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1317

Еңбекші ауданық «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ» тақырыбында «Техникалық колледж» студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қалалық «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» маманы Жургенбаева Назира, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Тілләбек Саян, «Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі» бөлімінің аға учаскелік полиция майоры Юсупов Хабибулла және Аутрич, Neet және жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Қыпшақбаев Рауан қатысты.

Аталмыш шара барысында жастарға ЖИТС-тің, құқық бұзушылықтың және кері діни ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы сала мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.