Жармахан Тұяқбай партия басшылығынан кетті

2782
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының лидері Жармахан ТҰЯҚБАЯ партия басшылығынан кетті. Саяси ұйымның басшысы да, аты да жаңарды. Ендігі «Ақиқат» ЖСДП-ның төрағасы Ермұрат БАПИ.
9 маусым күнгі президенттік сайлауға бойкот жариялаған партия жаңа басшысын сайлап алды. Партияның XIV съезінде көпшіліктің дауысымен белгілі журналист, «Дат» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи сайланды.
22 сәуір күні партияның саяси кеңесі Ермұрат Бапиды алдағы сайлауға кандидат ретінде ұсынған еді.
Партияның негізін қалаушы Жармахан АЙТБАЙҰЛЫ саяси ұйымға 13 жыл жетекшілік етті. ҚР Бас прокурор, Мәжіліс төрағасы сынды лауазымды қызметтерді атқарған. 2005 жылғы президенттік сайлауға түсіп екінші орын алған болатын.
дереккөз:jasalash.kz