Өңір басшыларына еліміздегі
реформаларды жүзеге асыруда
дербес жауапкершілікті жүктеймін
Қ.Ж.ТОҚАЕВ
Бүгінгі таңда еліміздің қоғамдық даму барысында ,халқымыздың тұрмыс — тіршілігінде күштік құрылымдардың жауапкершілігі артып отырғаны рас.Бұған нақты дәлел елімізде «Заң мен Тәртіп» қағидасының өмірге келуі.
Алайда , соңғы жылдары қарапайым халықтың полиция органдарына деген құрметі мен сенімі мүлдем азайып барады .
Дегенмен , бүгінгі сөз болатын жайымыз қарапайым халық емес ,кезінде басшы құрамда қызмет атқарған ішкі істер органының ардагерінің « на ровном месте» орын алған проблемасы туралы айтатын боламыз.
Мен, осы жылдың қараша айының 24-жұлдызында Сайрам аудандық полиция басқармасының атына ресми жолданым /ұсыныс/ берген болатынмын.Онда мен бұрын бір бағыттағы республика жолында Манкент елді мекеніне кіре беріс жерде бейне бақылау камерасы бар деген ескерту белгінің талдың арасына көрінбегені жайлы жағдайды айта отырып,менің бейне бақылау камерасына түскендігім сол ескерту белгісінің көрінбеуінене байланысты болғанын ,ҚР ӘРПК аясында мәселенің мән жайын анықтап , орын алған қолайсыз жағдайды орнына келтіру жайлы шешім шығаруын сұранған болатынмын.
Алайда, ресми тіркелген менің жолданымым бойынша Сайрам аудандық ПБ тарапынан заңда белгіленген кешенді іс әрекеттердің орындалмауына байланысты ,10.12.2025жылы Түркстан облысы ПД басшысы полиция генера-майоры М.Т.Кабденовтың атына ресми шағым ретінде жолданым жіберіп ,онда бар болғаны Сайрам аудандық ПБ тарпыныан орын алған әрекетсіздікке байланысты , Сайрам аудандық ПБ басшысына қатысты дербес жауакершілігін қарау туралы айтылған болатын.
Алайда, осы жолданым қаралып шешім қабылдану үшін департамент басшысына немесе оның орынбасарларының біріне берілу керек болатын.Содан кейін қаралу нәтижесі бойынша департаменттің басшысы болмаса оның орынбасарларының бірі жауапқа қол керек еді….
Шағым тәртібімен берілген жолданымды ҚР ӘРПК аясында рәсімдік іс бойынша қарап шешім шығарудың орнына, осы жолданымды ПД ӘПБ басшысы Қ.Ракишов мырза депаратамент басшыларын хабардар етпей,арыз иесіне жолданымда мүлдем сөз болмаған мәселеге ге қатысты «шығарып салма» жауап берген .
Департменттің ӘПБ басшысы Қ.Ракишов тарапынан 19.12.25жылғы 5-5-34/10625 санды жауабында ҚР ЖЖЕ айтылмаған мына жайттар айтылған «60км /сағ шектеу белгісінің болуы не болмауы жалпы рұқсат етілген жылдамдыққа әсер етпейді»-делінген. Сонда қалай ? Қ.Ракишов мырза осы өзінің сөзіне , өзі түсінер ме екен?
О баста арыз иесінің бейне бақылау камерасына қатысты ескерту белгісінің талдың арасында қөрінбегені жайлы айтылғаны қаралмай қалғаны қалай ?
Жоқ әлде , Қ.Ракишов мырза жүргізушілерге « қалай болса солай жауап берсек « жетер деді ме екен?
Бұл арадан біз полиция подполковнігі Қ.Ракишов мырзаның өз лауазымын асыра пайдаланғанын,қызметтік біліксіздігін , ең бастысы азаматтардың арыз —өтініштеріне ат-үсті қарайтынын,мемлекеттік кызметкердің әдеп кодексі талаптарын сақтамағын анық байқаймыз.
Ендігі жерде ,Түркстан облысы полиция департментіне жаңадан тағайындалған полиция генерал -майоры Арыстанғани Заппаров мырзадан өңір басшысы ретінде президенттің «Заң мен Тәртіп « қағидасы аясында департаменттегі орындаушылық тәртіпті қолға алар деп сенеміз.
Еркін Керімбайұлы ,ІІО ардагері















