Данэлия Төлешованың The World’s best байқауында қашан өнер көрсететіні белгілі болды

1480
The World’s best дүниежүзілік дарындар шоуының қазылар алқасының мүшесі Гаухар Нұртас Данэлия Төлешова өнер көрсеткен эпизодтың эфирге қашан шығатынын айтты, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Гаухар Нұртас Instagram желісінде мәлімдеп, қысқа видеоролик жариялады.
Белгілі болғандай, қазақстандық жас әнші 13 ақпанда кешке өнер көрсетеді. Оның өнер көрсеткен сәтін қазақстандықтар 14 ақпанның таңында көре алады.

Айта кетсек, бұған дейін байқауда әйгілі әнші Диаш Құдайберген өнер көрсеткен еді. Ол өзінің ерекше даусы әрі дарынымен қазылар алқасы мен көрермендерді қайран қалдырып, 98 ұпай жинады.