Шымкентте еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасы бастығы ұсталды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.
«Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығын ұстады. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.