Шымкент: оқушыларға жолда жүру ережелері түсіндірілді

658
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Елтаев Мейрман Қуанышұлы оқушыларға жол қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін еске салу. Балалар жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздікке көз жеткізулері қажет. Өз кезегінде ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы өз қызметінің ерекшелігін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Оқушылардың жол ережесі бойынша сауаттылығын арттыру үшін осы тектес іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінде қала ішінде автокөліктердің аз емес екені белгілі. Сондықтан да, балалардың жастайынан жол ережелерін үйреніп, біліп өскені ешқандай да артықтық етпейді.
«Жолда жүру ережелерін әрбір бала білуі керек. Себебі үй мен мектеп арасында оқушылар жиі жүреді. Яғни сабағы бар, үйірмелері бар. Қырағылық танытып, барлық қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстау қажет» — дейді полиция капитаны.