ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ 250 ҮЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНА ҚОСЫЛҒАН

696
Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары былтыр қыркүйек айында басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін істің 60%-ы атқарылды.
Нәтижесінде 250 үй сапалы жарықпен қамтылып отыр. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары қалған үйлерді жаңа желіге қосу жұмыстарын жалғастыруда.
Осы жылдың қыркүйегіне дейін құрылыстар 100% аяқталып, бұл мәселе толық шешімін таппақ.
Айтып өтейік, шаһарда электрмен қамту деңгейі 97% пайызды құрап отыр.