Кімнің неше қарызы бар

1162

Кез келген адамның басында Қазақстанның сыртқа қарызы 160 миллиард екен. Адам басына шаққанда 8500 доллар. Әр бала туылғанда автоматты түрде мынанша доллар қарызбен туылады деген сұрақ бар. 

Бүгінгі әңгіме осы мемлекеттік қарыздар жөнінде болмақ. Алдымен әлем елдерін алып қарайық. Әлемдегі мемлекеттің адам басына ең қарызы көп ел Жапония екенін білеміз. Әрбір жапонның жан басына 100 000 доллардан астам қарыз ақшасы бар. Жапониядан соң ЖІӨ-мен салыстырмалы түрде ең қарызы көп ел Греция. Бірақ Жапония сол қарыздан пайда жасайды. Греция дефолт болады. Неге?Жапонияның қарызы ЖІӨ-нен 300% жоғары болса да Жапонияның ақша саясаты өте дұрыс жолға қойылған. Оларда пайыздық ставка төмен. Жапония ол ақшаны алып басқа елдерге пайызын жоғарылатып береді. Айналып келгенде Жапонияның әлемге 10 триллион доллар қарызы болса да Жапонияға басқа елдер 12.7 триллион доллар қарыз. Жапония плюсте отыр. Бірақ ұлттық банктерінің пайызы жоғары елдер сырттан жоғары пайызбен кредит алады. Елде неғұрлым тұрақсыздық болса соғұрлым пайыздар да өсе береді. Жапония кредиторлық қарызы бар ел болса Греция дебиторлық қарызы бар ел.

Сосын әлемдегі ең қарызы көп ел АҚШ. Америкада тура Жапония сияқты жағдайда. Салыстармалы түрде өзіміздің көршілеріміздің сыртқы қарыздарын бюджетінің пайызымен салыстырсақ. Қытай 52.6%, Қырғызстан 54.6%, Түркменстан 29.3%, Өзбекстан 20.4%, Ресей 19%, Қазақстан 18.8% шамасында. Қазақстанның сыртқы қарызының 8%-ы, мемлекеттік қарыз, 11% квазимемлекеттік қарыз, қалғаны жеке сектордың. Жеке сектордың ішіндегі 101 миллиард қарыз ең ірі ТШО, Қарашығанақ және Қашағанға тиесілі. Бұл компаниялар мұнайға ақша құйғанда халықаралық заңдар бойынша бізге сырттан қарыз ақша әкелгендей болады екен.

Сәбит РЫСБАЕВ,»Адырна» ұлттық порталы