ТАЛАНТТЫ ЖАС АКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1322

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Еңбекші ауданы бөлімінің коворкинг залында «Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының» актеры Мақсат Тауасармен кездесу өтті.

Кездесу «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, өнерге қызығушылығы бар студент жастардың қатысуымен өтті.

Сыр сұхбат барысында жас актер өнер жолына келуі жайлы, актер мамандығының қыр-сыры мен алда сомдағысы келетін рөлдері жайлы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ жастар өзара пікір айтып, сұрақ-жауап алмасты.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.