Мемлекет Елбасы мен оның жақындарын қалай жарылқайды?

896
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде
Конституциялық органның жұмысына жетекшілік ете алады, кеңестер өткізе алады;
Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне байланысты нормативті-заңдық негіздегі актілерді шығара алады;
Қауіпсіздік Кеңесі Конституциялық соттың функциясын атқаратындықтан билік тармақтарының арасындағы конфликттерді шеше алады, шығарылатын заңдарға вето салу құқығына ие;
Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетіне қатысты ҚР заңдарының жүзеге асырылуын бақылау мүмкіндігіне ие;
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін сақтау мақсатында бөлінетін қаражаттың дұрыс игерілуін бақылау мүмкіндігіне ие;
  • Президентке тікелей бағынышты және есеп беруге міндетті басшылықтағы қызметкерлерге үміткер кандидатураларды талқылау барысына қатысу құқығына ие;
«Нұр Отанның» Төрағасы ретінде
Мемлекет парламентінде (Мәжіліс, Сенат) басқарушы партиясының өкілдері көп. Конституциялық реформаға сәйкес президенттің құзыреті азайғанымен, парламенттің құзыреті арта түседі.
Парламент мәжілістегілердің басымдық дауысын пайдалана отырып президентке премьер-министрді тағайындауға рұқсат бере алады, Министрлер кабинетіне сенімсіздік артып, вотум білдіре алады. Мәжіліс сонымен қатар президенттің кезекті сайлауын хабарлайды;
Тұңғыш президент – Ұлт көшбасшысы – Елбасы ретінде
Елбасы статусы «Халық қаһарманы» дәрежесіне ие. Алтын жұлдыз –ерекшелік белгісі мен «Отан» орденінің иегері. Елбасының дербес құқықтары жетіп артылады.
Елбасы мәңгілік мынандай құқықтары бар:
Ел қауіпсіздігі, ішкі және сыртқы саясат мәселелерін қозғай отырып Қазақстан халқына, мемлекеттік органдарға, жоғары лауазым иелеріне үндеу жариялай алады;
Парламент пен оның палаталары алдында, Үкімет отырыстарында сөз сөйлей алады;
Қазақстан халқы Ассамблеясын басқара алады;
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты дүниелер Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасына айтылып, ақыл-кеңесі айтылады;
Елбасының қадір-қасиетіне түсіретін іс-әрекетке бару, оның фотосуреттерін қор қылу заңмен қудаланады;
Елбасы Қазақстан территориясы аумағында президенттік, үкіметтік байланыс құралдарын мәңгілік қолдана алады;
Елбасының жүрген жерінде мемлекеттік күзет оның қауіпсіздігін бақыламақ;
Елбасының қызметтік пәтері мен мемлекеттік саяжайы оның жеке меншігіне өтеді. Өле өлгенше мемлекет тарапынан жүргізушісі бар автокөлік ұсынылады. Елбасымен бірге тұратын отбасы мүшелері де қызметтік автокөлікті пайдалана алады;
Ел ішінде тегін саяхат жасай алады. Ресми тұлғалар мен делегацияларға арналған залдарды тегін қолдана алады;
Елбасы және онымен бірге шаңырақта тұратын жақындары тегін медициналық қызмет алуға, тегін санаторлы-курорттық ем қабылдауға құқылы;
Елбасы ҚР президенті айлығының 80%-н ай сайын зейнетақы ретінде ала алады.
Ұсынған: Жазира Байдалы