ТҮРКІСТАН: М.Отарбаев жаңа сайланған ҚХА мүшелеріне куәлік табыстады

1667
Алғыс айту күні Түркістан облысынан сайланған ассамблея мүшелеріне куәліктер тапсырылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ өткен шарада көпшілік этномәдени орталықтардың мәдени өміріне арналған көрмені тамашалады. Мұнан соң, Түркістан облысынан сайланған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің, облыстық этномәдени бірлестіктер мен олардың жастар қанаттары жетекшілерінің, облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің, ғылыми – сарапшылық топ мүшелері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиырды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев ашып, көпшілікті мерекемен құттықтады.