Өзбектер «Браво» десті. Димаштың Ташкентте шырқаған әні

2183
Ташкентте қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің қатысуымен Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Концертті «O’zbekiston 24 арнасы көрсеткен болатын.

Димаш Құдайберген Star Mania рок-операсынан алынған SOS d’un terrien en detresse әнін орындап берді.
Сахнада сондай-ақ Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, Медет Чотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов және Мария Мудряк өнер көрсетті.
Димаш концертте ең соңғы болып сахнаға шығып, концертті аяқтады. Ташкент көрермендері аямай қол соқты.