Тоқаев Желтоқсан оқиғасы туралы айтты

931

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасын еске алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан оқиғасына 35 жыл болғаны туралы жазды деп хабарлайды Ardak.kz

«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», — деп жазды президент Twitter парақшасында.

Айта кетері, 1986 жылдың 17-18 желтоқсанда бұрынғы Қазақ КСР астанасы Алматыда сол кездегі коммунистік биліктің шешіміне қарсы жаппай наразылықтар мен халық көтерілістері түрінде болған қазақ жастарының үн қосуы Желтоқсан оқиғасы деген атпен белгілі.