Шымкентте «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік думаны өтті

1787
Шымкенттіктер Ұлыстың Ұлы күнін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Қалада бір апта бұрын басталған Наурыз мерекесі 22 наурыз күні «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарамен жалғасты. Тұрғындар жаппай серуенге шығып, Наурыз алаңындағы мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен ел ағалары, тұрғындар қатысты.
Наурыз алаңында киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды. Мерекелік іс-шарада бәйге, қыз қуу сияқты қазақтың ұлттық спорттық ойындарымен сайыстар өтті.
Барша жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Наурыз — ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен шапағаттың, әдеп пен имандылықтың бастауы екенін айтты. Сахнада театрландырылған хореографиялық қойылым мен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ал кешке қарай гала-концерт ұйымдастырылып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина және Серік Ибрагимов әннен шашу шашты.
   
   
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ