Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік жағдай мен баспана мәселесін көтерді. Достық мөлтек ауданынан келген бір тұрғын табысының төмендігінен күнкөріс мәселесіне тап болғанын айтып, көмек сұрады. Осыған жауап ретінде депутат Байкен Әшірбаев азаматтың жағдайына бей-жай қарамай, өз қаражаты есебінен оған қаржылай көмек көрсетті. Мұндай әрекет партияның әлеуметтік жауапкершілікке деген ұстанымын тағы да дәлелдеді.
Сонымен қатар, қабылдауға жалғызбасты ана да келді. Оның бірнеше мүгедектігі бар балалары бар және ол балаларының оқуына қажетті құрал-жабдықтарды ала алмай отырғанын жеткізді. Депутат бұл мәселеге ерекше назар аударып, «Балаларды мектепке дайындайық» акциясы аясында анаға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтарды табыстады. Бұл шара мектеп жасындағы балалардың толыққанды білім алуына мүмкіндік жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадам болды.
Қабылдауға келген әрбір азаматқа қажетті көмек көрсетілді. Олар өздерінің жеке мәселелерін ашық жеткізіп, депутаттың қолдауын көрді. Байкен Әшірбаевтың халықпен тұрақты түрде байланыс орнатып, олардың мәселелерін тыңдап, шешімін табуға көмектесуі партияның халыққа деген сенімділігін арттырады. Мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасып, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту, олардың құқықтарын қорғау мақсатында ұйымдастырылатын болады.
Партияның халықпен байланысын нығайтып, олардың мәселелерін шешуге бағытталған жұмыс барысында әрбір өтінішке, әрбір мәселе мен ұсынысқа жауап берілетіні атап өтілді.