«SHYMQALA» ЭТНОАУЫЛЫНДА АСЫҚ ОЙЫНДАРЫ ОЙНАТЫЛДЫ

1143
«Shymqala» этноауылында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының «Асық ату» спортынан аға жаттықтырушы Абдимуратов Ердос Нұржанұлы келушілермен асық ойындарынан жарыс өткізді.
Ондағы басты мақсат – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру, жастардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту.
Асықтың бала өміріндегі маңызы орасан зор. Асық ойындарын ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қабілеттері дамып денсаулығы нығайады. Асық ешбір зиянсыз табиғи зат болып табылады. Ата — бабаларымыздан мұра болып қалған осынау асық ойындарының түрлері өте көп. Барлығы да денсаулықты жақсартып қана қоймай түрлі танымдық қабілеттерді дамытады. Асық ойындары арқылы балаға тәрбие беру ең жаңашыл бағыттардың бірі. Ұмытылып бара жатқан ұлттық асық ойындары арқылы баланы тәрбиелеу тәрбиешінің құнды мұрамызды жаңғыртудағы қосқан бірден — бір түзу жолы.
Осылайша, қала жастары ұлттық ойындарымызды, салт — дәстүрімізді дәріптеуде белсенділік танытты.