ЖАСТАР АРАСЫНДА «ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨТТІ

1455

Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген жұмыстарды жүзеге асыруда. Шымкент қаласында осы бағыт бойынша іс-шаралар онлайн және офлайн форматта жүйелі өткізілуде. Сондай рухани бағыттағы шараларың бірі — қаладағы «Shymqala» этноауылында өткізілді.

Ондағы басты мақсат– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру, жастардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту.

«Shymqala» этноауылында «Жеті қазына» атты балаларға ұлттық ойындар ойнатылды. Балалар төрт топқа бөлініп, Тәуелсіздік саябағындағы көмбеге жасырылған жеті қазынаны іздеп тапты. Ал, этноауылда балалар «асық», «теппе», «асау мәстек» ұлттық ойындарын ойнаса, «садақ ату», «ат ерттеуден» жарыс ұйымдастырды. Тоғызқұмалақтан есеп айырысып, қыздарымыз көрпе құраудан сайысқа түсті.
Мерекелік кеш соңында балаларға сыйлық үлестірілді. Бұл күн балаларға үлкен қуаныш сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызға деген құрметі артып, салт — дәстүрге деген таным көкжиегін кеңейткен сәтке толы болды.
Осылайша, қала жастары ұлттық ойындарымызды, салт — дәстүрімізді дәріптеуде белсенділік танытты.