Қызылорда облысы Қазалы ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әкімдік бірнеше тұрғынды марапаттады. Олардың ішінде ауданның «Құрметті азаматы» атанғандар арасында бұрын қылмыс жасап, сотты болғандар да бар деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Whatsapp желісі арқылы тараған ақпаратта қылмыстық жауапкершілікке тартылса да, «Құрметті азамат» атағы берілген тұрғындардың тізімі жазылған деп хабарлайды Экспресс К тілшісі.
«Құрметтілеhttps://exk.kz/рдің тізіміндегі Телағыс Бұхарбаев ауданның сәулетшісі кезінде бір әйелден жерге байланысты пара алды деп сотталды емес пе? Сыбайлас жемқорлықпен күресетін Республикалық қоғамдық ұйымның аудандық филиалының төрағасы Талайлы Бөріқұлақовтың немере ағасы Құлпыбай Ысқақов облыстық мәслихаттың депутаты кезінде тубдиспансердің дәрігері болып жүріп сотталып, бірнеше миллион теңге айыппұл төлегені өтірік пе? Болат Садуов — Бекарыстан би ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл ауруханасының бұрынғы бас дәрігері. Бұл Болат Садуов те дәрігер кезінде сотталғаны рас па?» — деп жазылған хабарламада.
Ал Қазалы ауданының әкімдігі тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ондағылардың айтуынша марапат алған азаматтар Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қылмысты болғандар тізіміне алынбаған.