«Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы

1142
Елбасы өзінің 2018-жылғы 5-қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында астанада жүзеге асырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң тәжірибені барлық аймақтарда жүзеге асыруды тапсырды. Осыған байланысты өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыс әкімдігі бірлесіп қолға алған жоба – «Түркістан –Адалдық алаңы» кеңсесі белсенді қызмет атқаруда. Жобаның миссиясы – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылау жүргізу, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту.
Қазығұрт ауданында да «Түркістан – Адалдық алаңы» жобасы аясында кеңінен жұмыстар жүргізілуде. 5-маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері Дидар Бегалиев және Алпамыс Қалботаев ауданның «Әділет басқармасында», «Халыққа қызмет көрсету» орталығында болып, «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ақпараттық-танымдық, үгіт-насихат құралдарын тарату бойынша іс-шара ұйымдастырды. Үгіт-насихат құралдары мекеме қызметкерлеріне және қызмет алушы тұрғындарға жаппай таратылып, ғимарат ішіне арнайы хабарландыру тақтайшасына ілінді. Мұнда барлық маңызды ақпараттар қамтылған. Арнайы мониторинг топ мүшелері мұнан кейін аудандық ветеринария, кәсіпкерлік ғимараттары сияқты бірнеше мекемелерде, сондай-ақ, орталық базар, адам көп жүретін қоғамдық орындарда осы жұмыстарын жалғастырды.
Ғазиза Қойлыбаева