Үш облыс жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасты

1336

Конференцияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою бойынша тың идеяларды жинақтау және елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресте белсенді жұмыс атқарып жатқан өңірлермен тәжірибе алмасу.

Осы жылы 21 қарашада Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының «Белсенді азаматтық қоғам — сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан!» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Конференцияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою бойынша тың идеяларды жинақтау және елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресте белсенді жұмыс атқарып жатқан өңірлермен тәжірибе алмасу. Конференция жұмысына ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары бойынша департаменттерінің, Қызылордаоблысының полиция департаментінің жауапты мамандары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері және ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Конференцияда Департаментінің жетекші маманы Талғатұлы Ақтөре Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» санатына ену бағытындағы және білім беру саласына қатысты жүргізілетін сыртқы талдау жұмыстары туралы тың жобалармен бөлісіп, бірқатар ұсыныстар енгізді.