Түркістанда жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкер ұсталды

1281

Күдікті ретінде танылған ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы құжаттарды жалған жасаған.

Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкерді анықтады деп хабарлайды Ardak.kz

Созақ ауданы полиция бөліміне аудан әкімдігінен қатынас хат келген. Онда аудан әкімшілігінде заңсыз қаулылар енгізілгені жазылған.

Полиция жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы құжаттарды қолдан жасау және өткізумен айналысқан Созақ аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметкері анықталды.

Ер адам полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы құжаттарды жалған жасаған.

Полицейлер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 385-бабы, яғни «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу»  бойынша тіркеді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.