Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі сот алдында кінәсін мойындады

1404
Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот алдында жауап берді
Білім және ғылым экс-вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот алдында жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып.
Экс-вице-министрге қатысты қылмыстық іс Есіл аудандық № 2 соттың қарауында болған. Суханбердиеваны арнайы көлікпен сот залына жеткізді.
Сот залында Эльмира Суханбердиева өз кінәсін мойындап, артық айғақтардың қажет еместігін айтқан. Бұл туралы мәлімдемені прокурор жария етті.
–Күдіктілер айғақтар мен дәлелдерге қарсы келмеді,- деді мемлекеттік айыптаушы.
6-маусым күні Білім және ғылым экс-вице-министрі Эльмира Суханбердиева тұтқындалған болатын. Оған өз қызметін асыра пайдаланды және пара алды деген айып тағылған.
2-шілде күні экс-вице-министрдің ісі сотқа жолданғаны белгілі. Антикоррупциялық ведомстваның басшысы Алик Шпекбаевтың айтуынша, Эльмира Суханбердиева барлық айыптауларға келіскен.