Футболдан биылғы әлем чемпионаты финалдық турнирінің жеребесі тартылды

3467

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүбірлі додада бақ сынайтын 32 құрама алдымен FIFA жариялаған рейтингіндегі орындары бойынша төрт себетке бөлінді.

Сол арқылы барлығы төрт-төрттен сегіз топқа орналасты .

Әзірге әлем чемпионатына 29 құрама жолдама алып үлгерді. Қалған үш жолдама иегері маусым айында анықталады.

Бұл жолдамалар құрлықаралық өтпелі сайыс (Коста-Рика мен Жаңа Зеландия, Перу мен Австралия/БАӘ) және еуропалық іріктеу кезеңіндегі өтпелі сайыстағы жеңімпаз (Уэльс пен Шотландия/Украина) болған құрамаларға беріледі.

А тобы: Катар, Нидерланды, Сенегал, Эквадор

В тобы: Англия, АҚШ, Иран, Уэльс пен Шотландия/Украина

С тобы: Аргентина, Мексика, Польша, Сауд Арабиясы

D тобы: Франция, Дания, Тунис, Перу мен Австралия/БАӘ

E тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика/Жаңа Зеландия

F тобы: Бельгия, Хорватия, Марокко, Канада

G тобы: Бразилия, Швейцария, Сербия, Камерун

H тобы: Португалия, Уругвай, Оңтүстік Корея, Гана

Алғашқы ойын 21 қарашада Эль-Хаур қаласындағы «Эль-Байт» стадионында алаң иесі — Катар құрамалары арасындағы кездесумен ашылады.

Дүбірлі дода биылғы жылдың 21 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Катарда болады.

Ол аталған мемлекеттің 5 қаласындағы 8 стадионда өткізіледі.