Оталықтың қызметін 6 мыңға жуық азамат пайдаланды.
Азаматтардың шағымдарын дереу әрі тиімді шешу мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында прокуратура жанынан Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылған.
Ұлт жоспарының 100-ші қадамын іске асыру үшін құрылған орталық, құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде біріктіруге арналған.
Өткен кезеңде орталықта 20 заңдық қызмет тегін негізде көрсетілді.
Бүгінгі таңда оталықтың қызметін 6 мыңға жуық азамат пайдаланып, оның 3 мыңға жуығын прокурорлар жеке қабылданған.
800-ден аса азамат адвокаттардың қызметін пайдаланса, 858-медиаторлардың, 600-әкімшілік және мемлекеттік кіріс органдарының қызметіне жүгінген. 62 тұлға пробация қызметкерлерінің және психологтардың қызметтерін пайдаланған.
Прокуратура органдары басшылығының жеке қабылдау жұмыстарының аясында қала прокуроры 100 азаматы жеке қабылдады.
ҚҚҚО-ғы азаматтарды қабылдайтын фронт-кеңсе қызметін атқаруда. Оның негізгі жұмыс қағидасы – ол азаматтармен жұмыс жасауда сервистік тәсілді қолдана отырып, прокуратура алаңында кең заң қызметтерін ұсыну.
Орталық Шымкент қаласы, Бейбітшілік көш. 3, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимаратында орналасқан.
Шымкент қаласының прокуратурасы