БАШҚҰРСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР ТҮРКІСТАНДА КӨЗ КЛИНИКАСЫН АШПАҚ

673
Түркістанға арнайы сапармен келген Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен «Turkistan invest» агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде лазерлік ота арқылы көру қабілетін қалпына келтіру бағытында қызмет көрсететін көз клиникаларына деген сұраныс жоғары. Сондықтан, орталыққа келетін қазақстандық емделушілердің көптігіне байланысты Қазақстанның бірнеше аймағынан көз клиникасын ашуды жоспарлап отырғанын айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі