БІЛІМ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

826
Шымкенттегі жекеменшік мектептердің білім беру сапасы шаһар басшысы М.Әйтеновтің жіті бақылуында. Бүгін ол Тассайдағы биыл ашылған “Зияткер Тұран” мектебіне барды.
Білім ошағы 816 орынға лайықталып, 3 қабатты типтік үлгіде салынған. Қазір мұнда 340 оқушы 1 ауысымда оқуда.
Мұнда 260 балаға арналған асхана, акт залы, шеберхана, компьютер сыныбы, спорт зал, жалпы оқу кабинеттері қарастырылған.
Аралау барысында М.Дүйсенбекұлы: “Кәсіпкерлердің білім саласындағы инвестициялары бұл салада бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Ал, бәсеке сапаны арттырары анық. Сапалы біліммен ғана саналы шәкірт тәрбиелей аламыз”,-деді.
Аталған білім ошағы Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы, 301/3 ғимаратта орналасқан.
Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру жүйесімен Шымкентте 31 225 оқушы 87 жекеменшік мектепте дәріс алуда. Ал мемлекеттік 151 білім ұясында оқитындар саны биыл 21 6735-ке жетті.