Шымкентте «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасын қорытындыланды

1304
Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу бағытында қала көлемінде көптеген шаралар қолға алынуда. Соның бірі, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған  «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы.
Шара барысында ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында немесе оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күнделікті жастар көп жиналатын қоғамдық орындар мен ойын-сауық мекемелерінде түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді.
Жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша 266 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК 132-бабының 1-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – 4 азамат, ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) – 9; ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) – 253 азамат жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ішкі істер органдарының есебіне құқық бұзушылыққа бейім 20 жасөспірім және 8 қолайсыз отбасы қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.