ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1060
Шымкенттегі «Көрме орталығы» ғимаратында «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы және «Оңтүстік өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрме-жәрмеңкеде Шымкент қаласындағы тамақ, фармацевтикалық, инженерлік, жеңіл және құрылыс индустриясы өнімдерінің 100-ге жуық отандық тауарөндіруші компаниялары өз өнімдерін ұсынды.
Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау. Алғаш рет ондаған жаңа компаниялар да қатысуға өтініш берген. Көрменің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов, Палата директоры Нұрлан Қабыштаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Шымкент қаласы әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе ұйымдастырған іс-шара аясында «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», » Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша номинация иегерлері анықталды. Жеңімпаздар жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысу құқығына ие болады.
Сондай-ақ, ең үздік компаниялар таңдалып, аймақтық номинациялармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев қатысты.
Көрме күні бойы жалғасып, келушілерге ойын-сауық бағдарламалар, сыйлықтар мен лотореялар ойнатылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ