Еуропалық бес футбол клубына бөлінетін қаржы «Ордабасының» жылдық бюджетіне жетпей қалады: Қазақстандық футбол кеткен шығынды ақтап жатыр ма?

900

Қазақстандық футбол клубтарына қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұл жағдай отандық спорт сарапшылары мен жанкүйерлердің ренішін тудырып келе жатыр. Президент Тоқаев биылғы жолдауында «қаржылық тапшылық кезінде кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен қаржыландырудың еш мәні жоқ» деп айтты. Президент тапсырмасы қаншалықты орындалуы мүмкін? Бұған орай спорт сарапшылары не айтады?

Биылғы футбол маусымы коронавирус пандемиясына байланысты ала-құла өрбіп жатыр. Соған қарамастан чемпионат жалғасуда. «Астана» мен «Қайраттан» өзге клубтардың барлығы облыс пен қала бюджетіне телміріп отыр. Соған сай алатын ақшалары өте ауқымды. Қисапсыз деп бағалауға да болады. Goszakup.gov.kz сайтының дерегі бойынша біздің клубтарға 2020 жылы жергілікті бюджеттен мынадай көлемде қаржы қарастырылған.

Сенімді дерек көзі мәліметінше, «Астананың» бюджеті 15 млрд теңгеге жуықтаса, «Қайрат» маусымға 8 млрд теңге қаражатпен аяқ басқан. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, былтыр өңірлер бюджетінен жалпы 252,6 млрд теңге бөлінсе, соның біраз бөлігі футбол мен хоккей клубтарына жұмсалған.

кесте

«2019 жылы футбол клубтарын ұстап тұруға 34,1 млрд теңге, 2020 жылы 37
млрд теңге бөлінді», — деді вице-министр президент жолдауынан кейін.

Белгілі бапкер Бақтияр Байсейітов біз сонау 90 жылдары қателестік. Соның зардабын әлі тартып келеміз дейді.

«Қазақстанда футболға ақша салатын санаулы ғана адам бар. Сол себепті, бюджет қаржысына тәуелді. Біздің футбол шетелдік инвесторларды да қызықтырмайды. Оларға ешқандай пайда әкелмейді. Өйткені бізде не стадионнан, не атрибутикадан, не жарнамадан табыс табу дамымаған. Жалпы, ел ретінде футболдың іргетасын дұрыс қалай алмадық. 23 жыл бұрын мен барлық интернат, балалар спорт мектептерін қалдыруды, бапкерлерді жоғалтпауды айтып едім. Алайда мұны мемлекет істей
алмады», — дейді Байсейітов.

Елімізде жүлделі орынға ілінетін, сөйтіп еурокубоктық додаларға қатысатын санаулы ғана клуб бар. Олар негізінен – «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» клубтары. Алдыңғы екеуі жақсы демеушілік әсерімен біршама жақсы жетістіктерге жетіп жүр. «Астана» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаса, «Қайрат» та сол межеге жақын жерден сүрініп жүр. Десе де әлеуеті жоғары. Ал «Ордабасы» жылына қала
бюджетінен 7 млрд теңгеге қаржы алатынына қарамастан еурокубоктарда сәтсіз ойын көрсетеді. Журналист Ерболат Айнабеков Фейсбуктағы парақшасында осы мәселеге орай ақпар жария етті.