БАҚ: Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды

946

Қазақстандық БАҚ Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы хабарлады.

Шенеунікті астанадан Атырауға арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бір топ қызметкерлері ұстады, деп жазады «Ақ Жайық» газеті.

Таубаевпен бірге облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың да ұсталғаны хабарланды. Олар 182 миллион теңге пара алды деп күдіктелуде.

Еске салайық, Нұрлан Таубаев биыл мамыр айында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. Жақында ғана Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Алик Шпекбаев елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы айтқан еді.