ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

855

Бүгін Шымкент қаласы Қайтпас -1 шағынауданында газдан уланудың алдын-алу және рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осыны ескерген Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Қаратау әкімдігі, Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары бірлесе отырып, үйлерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Ауа райы суытқан кезде тек өрт емес, кей кездері адамның өліміне әкеліп соғатын улы газдан улану жағдайларының саны өседі.

Газбен уланудың жиі орын алатын түрі иіс тию деп аталады. Әдетте, бұл пешті қолдану қағидаларын бұзу салдарынан немесе өрт кезінде болады. Газбен улану жағдайы көлікті гаражда қыздыру немесе жөндеу кезінде де орын алып жатады.

Улы газды әдетте «зұлым жаналғыш» деп те атайды – өйткені оның түсі де, иісі де жоқ, қаза болған адам оны сезбей кетеді. Газбен улану көбінесе түнгі уақытта болады.  Оған қоса, газ ауамен араласып өзінің улағыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды.

— Шымкент қаласында өткен жылыту маусымында 600-ге жуық адам газдан уланды. Жылыту маусымы аяқталғанына қарамастан тұрғындардың улануы әлі де кездесіп жатыр.

Сондықтан қауіпсіздік ережелерін халыққа барынша түсіндіріп жатырмыз. Ең бастысы «Қазақстан Республикасының газ және газ жабдықтау» туралы заңының талаптарына сәйкес әрбір тұтынушы үйішілік техникалық қызмет көрсетуші компаниялармен келісім шарт жасауы міндетті. Мұндай мекемелер газ қондырғыларының дұрыс орнатылуы мен пайдаланылуын және өзге де қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етеді. Заңның осы талабының тұрғындар тарапынан ескерілмеуі адамдардың газдан уланып, тіпті кейбірінің қазаға ұшырауына себеп болуда, — дейді Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ — техникалық инспекция бөлімінің бас маманы, мемлекеттік инспектор Данияр Әшірәлиев.

Сонымен қатар, жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Айта кетейік, қауіпсіздік шараларын сақтау шараларын жүргізу бойынша тиісті мекемелер тұрғындар арасында осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

А.ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.